Энергия үнемдеу және энергия

тиімділігі

Энергия шығынының көбеюі, қоршаған ортаға қатысты мәселелеріне алаңдаушылықтың артуы және әлемдік энергетикалық ресурстардың сарқылуына жақындау барлық елдердің үкіметтеріне энергия тиімділігін арттыруына түрткі болады. Мемлекеттік әкімшіліктерге ерекше назар аударылады, себебі халықаралық заңнаманың барлық құжаттары жоғарыда айтылған себептер бойынша да және қоғам мен азаматтарға үлгі болуға тиіс, энерегия тиімділік саласында шараларды осы ведомствалар қамтамасыз етуі керек екендігі көрсетілген.

Дегенмен, көпшілік энергияны үнемдеуді жүйелі және кешенді тәсілмен бірге алып жүрген жағдайда ғана сақтауға болатынын түсінеді. Осы мақсатта техникалық және басқарушылық білімдер, технологиялық инновациялар және саясат құралдары қажет, ал олардың синергиясы - анық әрі ұзақ нәтижеге қол жеткізу үшін маңызды мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасында 2020 жылы 25% және 2050 жылғы  50% ВВП энергия сыйымдылығын төмендету бойынша алға мақсат қойылды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын іске асыру үшін нормативтік-құқықтық база құрылып, Мемлекеттік энергетикалық тізілім жасалды. Оның ішіне энергияны үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыру бойынша мемлекетпен қойылатын талапқа энергия ресурстарын пайдаланатын ең ірі тұтынушылар кіреді. Астана қаласының энергетикалық ресурстарының ірі өндірушісі және тұтынушысы болып табылатын, «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобы энергия үнемдеу саясатын жүргізеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. 

 «Астанаэнергосервис» АҚ квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылады және жылына шартты 100 тоннадан астам балаламалы көлемде отынды энергетикалық ресурстарды тұтынады, сәйкесінше «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне (бұдан әрі - МЭТ) жатады.

Бүгінгі таңда «Астанаэнергосервис» АҚ МЭТ субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес кәсіпорында энергетикалық аудит өткізілді, қорытындысы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде. Кәсіпорын МЭТ операторына жыл сайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы есеп береді. Энергия үнемдеу іс-шараларын ұйымдастыру және бақылау жасау үшін кәсіпорында энергетикалық менеджер тағайындалады және энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу жоспарлануда.

«Астанаэнергосервис» АҚ Астана қаласында тұтынушылар арасында энергияны үнемдеуді насихаттауға қосылуды ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ басқа мүдделі құрылымдарды ынтымақтастыққа шақырады.