Басшылығы

Тиес Ардақ Сиязбекұлы

Басқарма Төрағасы

1996-2016 жылдары мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқарған.

2016 жылы «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары және «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2017 жылғы 14 қарашадан бастап «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Аманғалиев Ерболат Зинелғалиұлы

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Еңбек жолын 1998 жылы «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ қалалық филиалының қосалқы станциясының II санаттағы таратқыш жабдығын жөндеу бойынша электрослесарь болып бастады.
Әрі қарай энергетикалық ұйымдарда («Батыс-Қазақстан АЭК» АҚ Орал қаласы, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС Алматы қаласы) және және мемлекеттік органдарда  (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы) инженерден басшыға дейінгі түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2019 жылдың 27 наурызынан бастап «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Косачёв Михаил Борисович

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары
1995 – 2015 жылдары әртүрлі құрылыс ұйымдарында қызмет атқарды, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрғасының лауазымын атқарды.
2015 жылы «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылғы маусым айынан 2019 жылғы 26 наурызға дейін – «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2019 жылдың 27 наурызынан қазіргі уақыт бойынша - Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары. 

Тайчикенова Айғанша Зарықбекқызы

Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

1988-2004 жылдары мемлекеттік органдарда қызмет атқарды. 2004-2018 жылдары «AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» АҚ, «Согринская ТЭЦ» ЖШС бас бухгалтердің салық жөніндегі орынбасары, бас бухгалтер, қаржы директоры лауазымдарын; «ВК РЭК» АҚ экономика жөніндегі басқарушы директор, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-ГРЭС» қаржы директорының лауазымдарын атқарды. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Кәсби бухгалтерлер мен аудиторлары палатасының мүшесі болып табылады.

2018 жылдың 01 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

 

Сауранбаев Рустем Есильевич

Басқарма төрағасының корпоративтік даму және жақсарту жөніндегі орынбасары

1996 жылдан бері ірі халықаралық энергетикалық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарады. (Asea Brown Boveri, РАО «ЕЭС России», «ИНТЕР РАО ЕЭС», РУСАЛ, Е.ОN Russia Power бірлескен компаниялары, ТМД Энергетикалық кеңістің атқарушы комитеті, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ).
2017 жылдан 2018 жылға дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Электроэнергетика» дирекциясының Активтерді оңтайландыру және басқару  блогы директоры қызметін атқарды және «KEGOC»АҚ,«Самұрық-Энерго» АҚ және «КОРЭМ»АҚ-ның қызметін қадағалады.
2019 жылғы 8 қаңтардан бастап «Астанаэнергосервис» АҚ

Басқарма төрағасының корпоративтік даму және жақсарту жөніндегі  орынбасары болып тағайындалды.