Диспетчерлік пунктан энергетикалық ресурстардың техникалық параметрлерін бақылауды және басқаруды автоматтандыру жүйесі ұсынылды

2018 жылғы 1 наурызда энергия тұтынуды коммерциялық есепке алу, реттеу және диспетчерлеудің автоматтандырылған жүйесін талқылау бойынша кездесу өтті.

Осындай патенттелген кешенді жүйенің көмегімен энергияны тұтынуды жинау, есепке алу және реттеу, диспетчерлік орталықтан энергетикалық ресурстардың техникалық параметрлерін бақылау және басқару - төтенше жағдайлардың талдауы автоматтандырылады.


ДЭРББАЖ
:

- жылу энергиясын және жылу тасымалдағыштың мөлшерін, суық және ыстық судың көлемін, электр энергиясының көлемі мен параметрлерін, газ көлемі мен параметрлерін өлшеу;

- өндірістік объектілерден өлшеу мәліметтерін автоматтандырылған жинау, өңдеу, беру және есепке алу, энергетикалық ресурстар параметрлерді бөлу және тұтыну;

- энергия ресурстар параметрлерінің деректер базасын сақтау және жүргізу;

- жылу энергиясы мен ыстық су температура мөлшерін тұтынуды реттеу;

- жалпы үйлік және пәтерді есепке алу арасындағы ресурстарды тұтыну балансының мониторингі;

- күтпеген жағдайларды қадағалау және олардың пайда болуы туралы жүйе диспетчеріне хабарлау;

- есептеу және мониторинг объектілерінде энергетикалық ресурстардың параметрлеріне автоматтандырылған бақылауды қамтамасыз ету;

- мүдделі ұйымдарға және энергия ресурстарын есепке алудың басқа қолданыстағы автоматтандырылған жүйелеріне коммерциялық есеп нысандарында өлшеу ақпаратын ұсыну;

- коммуналдық ресурстар мен қызметтер сапасының заңнамалық талаптарына сәйкестігін есептегіш құралдар дерегіне талдау жасау;

- дәл уақыт сигналдарының қабылдағышына сәйкес жүйенің барлық компоненттерінің ішкі уақытын синхрондауға бағыттылған. 

Сондай-ақ жүйенің ерекшеліктері айта кетілді:

- Қолдау көрсетілетін есепке алу құрылғыларының тізімі үнемі кеңеюде.

- ауқымдылық орындалатын тапсырмалар мен деректер көлеміне байланысты .

- Есептеу құралдарының әртүрлі үлгілерімен жұмыс жасаудың ашықтығы.

- Бірнеше қолданушы жұмысты қамтамасыз етеді.