Энергияны үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласындағы нормалардың сақталуын тексеру

1 наурыздан бастап «Астана-Энергия» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормалардың сақталуын тексеру жүргізіле бастады. Белгіленген тәртіпті тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Департаменті Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институтының («Қазақэнергиясараптама») мамандары қатыстырылды.

Тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 846 бұйрықпен 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы ішінара тексерулердің тізімін бекітті. Тексерілетін объектілердің тізімі бар құжат ҚР ИДМ интернет-порталында орналастырылған. Тізімге Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы 21 ұйым кіреді