«ГАЖ негізінде үлестіру желілерін басқару жүйесі» пилоттық жобасын талқылау бойынша корея делегациясымен кездесу

Қазақстанның астанасына Оңтүстік Кореяның ең ірі энергетикалық компаниялары «WavusCo.,Ltd» және «KEPCO» мамандары келді.

Корея делегациясының Астанаға жасаған сапарының мақсаты - «Астанаэнергосервис» АҚ компаниясының объектілерінде электр энергиясын үлестіруді басқару үшін геоақпараттық жүйені күшейтуді көздейтін пилоттық жобаны талқылау болды.

ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйе) - бұл кеңістік деректері мен ұсынылған ГАЖ объектілері туралы ақпаратпен байланысты деректерді жинау, сақтау, талдау жасау және графикалық шолуға арналған жүйе.

Электр желілері - елеулі кеңістіктік таралуы бар күрделі кешен болғандықтан, ГАЖ негізіндегі үлестіруші желілерді басқару жүйелерін енгізу әртүрлі энергетикалық мәселелерді шешу үшін барынша өзекті болып келеді. Осындай жүйенің орны мен рөлін дұрыс түсіну белгілі бір нақты компанияның жалпы АT-мәдениеті және даму стратегиясымен байланысты.

Энергетикалық компанияларда геоақпараттық технологияны қолдану желілер, қосалқы станциялар, релейлік қорғаныс және автоматтандыру қызметтері және диспетчерлік қызмет үшін бірыңғай база мен бірыңғай графикалық интерфейсті құруға мүмкіндік береді. Бұл қызметтерден алған ақпарат, операторлардың жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ тұтастай алғанда қолданбалы жүйені әзірлеу мен сүйемелдеу шығындарын азайтады. ГАЖ, озық технологияларды қолдана отырып, энергетикалық сала жұмысын жақсарту мен сенімділігін арттыруда ең маңызды мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Екі жақты кездесудің қатысушылары бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді, пилоттық жобаны енгізуді талқылады: жобаны шолу, өрістеу әдістемесі және кесте (WavusCo, Ltd және KEPCO), KEPCO бизнес-ұсынысы.

Бүгінгі күні елордада пилоттық жобаны жүзеге асыруды қарастырылу мен  зерттелуде.

 

2017 жылғы 26 қыркүйекте  Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде іскерлік кездесулер кезінде бастама болған ынтымақтастық бағдарламасы аясында Сеул қаласында (Корея) WAVUS мен «Астанаэнергосервис» АҚ арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын еске түсіреміз. WAVUS - АКТ саласындағы инновациялық көшбасшы және бүкіл әлемдегі корпорациялар мен мемлекеттік ұйымдарға қызмет көрсетеді.