Астанада 2018 жылғы 15 сәуірде жоспарланған су жылытқыштардың тығыздылығына сынақ жүргізіледі

"Астана-Теплотранзит" АҚ су жылытқыштардың және ыстық сумен жабдықтаудың жылу алмастырғыштарының бітеулігін анықтау үшін 2018 жылғы 15 сәуірде жылумен жабдықтау жүйесіне бояушы зат (натрий флуоресцині) жіберілетінін хабарлайды.

Натрий флуоресцині жылу желілерінде судың ағуын, суды рұқсатсыз бөлуді, су жылытқыштарының бітеулігін анықтау үшін боялатын зат ретінде қолданылады және адам ағзасына зиян келтірмейді.

Сынау жүргізу «Астана қаласының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті» РММ-мен келісілді.

Ыстық су жасыл түске боялған жағдайда қызмет көрсетуші ұйымға (ПИК) және «Астана-Теплотранзит» АҚ 771200, 771211, 771216, 792160 (ішкі 101), 771292, 396908, 109 («Қала орталығы» МКК) телефондарына хабарласыңыз.