Елорданың тұрғын үй-жайларының көптеген иелері «АЭСК» ЖШС сатушы компанияға электрмен жабдықтауына сенім білдіреді, бұл туралы есептік кездесуде белгілі болды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылар саны 84%.

BI Group компаниясымен жасалған регламентке сәйкес «АЭСК» ЖШС жаңа жеке шоттарды ашу, тұрмыстық тұтынушылар үшін энергиямен жабдықтау келісімшарттарын жасасу, жаңа абоненттердің электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде. Жеке тұлғалармен ай сайын 500-ден астам шарт жасалуда, деп хабарлады «АЭСК» ЖШС директоры Бақытжан Ілияс. 

Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін бөлім түскі ас кезінде де жұмыс істейді.

Компания шағын және орта бизнесті қолдауға арналған Астана қаласы әкімдігі әзірлеген «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта «АЭСК» ЖШС кепілдік хаттарды ұсынумен гүл, көкөніс, фаст-фуд, және т.б. бөлек тұрған павильондарға электрмен жабдықтау шарттарын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары да елеусіз қалған жоқ: Кирпичный, Өндіріс, СМП-24 елді мекендері тұрғындарын электр энергиясымен жабдықтау шарттары жасалғанын өз сөзінде компанияның басшысы айтты. 

Жеке тұлғалар санының едәуір артуына байланысты, тұтынушылардың үлкен массасы бойынша кері байланыс орнату қажеттілігі туындады.

2017 жылдан бастап «АЭСК» ЖШС Call Centre және Open Lines қызметтерін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде: шоттарды жеткізу және электронды поштамен тарату, көп пәтерлі үйлерде электронды есептеу құралдарының көрсеткіштер ЭКЕАЖ жүйесі бойынша ақпараттарды алу арқылы немесе «АЭСК» ЖШС ай сайынғы мастерлердің пәтерлерді аралау арқылы жүргізіледі. 

«AЭСК» ЖШС еңбектің өнімділігін, тиімділігін және шұғылдылығын арттыруға ұмтылатынын атап өту керек. Осы мақсатта квазимемлекеттік сектордағы «АЭСК» ЖШС компаниялары арасында алғашқылардың бірі болып «Кайдзен» деп танылатын үздіксіз үдерісті жетілдіру тәжірибесін енгізді.

Келісімшарттарды жасау шартын, компанияның тарифтері туралы ақпараттар, тегін онлайн кеңестер және басқа да көптеген пайдалы ақпаратты «AЭСК» ЖШС www.aesc.kz сайтынан таба аласыз.

Жақын арада осындай кездесулер «Астанаэнергосервис» АҚ-ның басқа да еншілес кәсіпорындарында өтеді. Жаңалықтарды қадағалап, хабардар болыңыздар.