«Астана - таза және қауіпсіз қала» акциясы. «Астанаэнергосервис» АҚ аумағында 2-ші жалпы қалалық сенбілік өтті

Бүгін, 12 мамырда, «Астана - таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында «Біз таза қала үшін» ұранымен 2-ші ірі жалпы қалалық сенбілік өткізілді.

Жалпы қалалық сенбілігін өткізу барысында келесідей жұмыстар жүргізілді:

- Отырар көшесіндегі ішкі ауланы санитарлық тазарту, Отырар көшесін (Республика көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін тазарту), Ғабдуллин көшелері мен Мәметова көшелерінің қиылысындағы перимтер бойыншаа әкімшілік ғимаратты тазарту.

- аумақтағы ағаштарды,қоршауларды ағарту;

- ішкі аумақытық бөлікті (орындықтар, қоқыс жәшіктерін және т.б.)  өртке қарсы жабдықтарды бояу;

- гүлдерді отырғызу.