Коммуналдық қызметінің төлем түбіртегін тарату басталды

Елорда тұрғындарына бүгінгі күннен бастап сәуір айындағы коммуналдық қызмет төлемі бойынша түбіртектерді жеткізу басталды.

«Астана-БЕО» ЖШС Telegram каналының хабарламасында 83 511 дана БТҚ алғашқы партиясы түскені, БТҚ тарату басталғаны, осы айдағы жалпы тираж 277 884 дана болғанын хабарлайды. Қалғаны: 194 373 дана. Жеке үйлердің иелеріне иттерін байлап ұстауды сұраймыз. Сондай-ақ, 25 мамырға дейін есептелген соманы төлеу қажет деп еске саламыз.

11 мамырда «Астана-БЕО» ЖШС қызметкерлері Telegram каналында елорда тұрғындарына коммуналдық қызметтер деректерді беру туралы хабарлады.

3 мамырда «Астана-АЭК» АҚ және 5 мамырда «Астана-Теплотранзит» АҚ «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не деректерді жіберді. 11 мамырда сағат 11:00-де «Астанаэнергосбыт» ЖШС «Астана-БЕО» ЖШС-нің жүйесіне жылу және электр энергиясы туралы деректерді қосты. 11 мамыр сағат 14:00 бастап біздің www.aerc.kz сайтымыздан жүктеп алуға, онлайн режімінде банктерде, электронды кассалар мен төлем терминалдарында БТҚ түбіртегіне қол жетімді болады.