Алюмосиликат микросферасын сату

«Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы «Алюмасиликат микросфераны» сатуға арналған стандартты аукцион нысанында ағылшын тәсілімен электрондық сауда-саттығын өткізетінін хабарлайды.

Сауда-саттықтың басталу күні 2018 жылдың 10 қазан сағат 10:00-де (Астана уақыты) «Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауарлық биржасы» АҚ Қазақстандық сауда-саттық жүйесі «www.kazets.kz» электронды платформасында.Әлеуетті сатып алушылардан қарсы өтінімдерді қабылдау Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 29б, 2-НП, 34-18-86 телефоны бойынша Жүнісова Жұлдыз Арыстанқызы 2018 жылдың 09 қазан сағат 10.00-ге дейiн (Астана уақыты) жүргізіледі.

Активтерді сату«Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылдын 24 шілдесінде № 28 шешімімен бекітілген «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын шығару ережелеріне және «Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2017 жылғы 5 қаңтардағы Биржалық кеңесінің шешімімен бекітілген«Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауар биржасы» АҚ биржалық сауда-саттық регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға келесі активтер шығарылады:

- № 1 лот («Астана-Энергия» АҚ)

Алюмасиликат микросферанын жалпы құны - 13 473 270 (он үш миллион төртжүз жетпіс үш мың екі жүз жетпіс) теңгені құрайды.

 

Көрсеткішінің атауы мен көлемі

1 тонна үшін бағасы

(теңге)

Жалпы құны мен көлемі

(теңге)

Талаптары

Алюмосиликат микросферасы – 200 тонна

67 366,35

13 473 270

Нақты орналасқан орнынан шығару