«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері «Шұбар» қосалқы станциясында энергия жүйесінің электрлік бөлігіндегі апаттық жағдайды тез арада жойды

Кеше, 8 қазанда, «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС-нің құрылыс объектісіне автокөліктердің рұқсат етілмеген жерде жүк көлігінің жүріп өту нәтижесінде «Шұбар» қосалқы станциясында апаттық ажырату болды.

Бұдан бұрын «Астана-АЭК» АҚ құрылыс компаниясына құрылыс жұмыстары кезінде кабельдік желілердің қорғаныс аймағын сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет нұсқау берді.

«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері апат орнына жедел келді. Шұбар қосалқы станциясының және іргелес аумақтағы жабдықтарды тексеру барысында кабельдік каналдың бұзылуы («Шұбар» ҚС-нан шығу) және кабелдік желілердің жануы анықталды. Апаттың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін 10кВ ұяшықтар ажыратылды.

Нәтижесінде, таратқыш пункті және трансформаторлық қосалқы станциясы 10/0,4 кВ тоқтан ажыратылды кернеуі төмен болды, олардан қуат берілді:

- 15 тұрғын үй кешендері: «Новый мир», «Премиум», «Арайлым», «Версаль», «Нурсая-1», «Дипломат», «Жан-Сая», Авиценна», «Лазурный квартал» ТК және тағы басқалар.

- Шұбар тұрғын үйалабы;

- 12 әкімшілік ғимарат.

«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері «Шұбар» қосалқы станциясының электр жүйесінің электрлік бөлігіндегі апаттық жағдайды тез арада жойды. Компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша сатып алынған көшпелі жоғары вольттызертхананың, Smart Grid («ақылды желілер»)  кешенді жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, желілердің авариялық учаскелерін анықтау және өзін-өзі жөндеудің жоғары тиімді құралдары мен қызметкерлердің кәсіпқойлығы арқасында мәселе тез арада шешілді.

Өрт сөндіру көзін оқшаулаудан кейін және кабель желісінің тұтастығын анықтау жоғары кернеулі сынақтардың және басқа көздерден қайта іске қосылу нәтижесінде келесі таратқыш пункті (ТП) және трансформаторлық қосалқы станциялар (ТҚ) кернеуге қойылды:

- сағат 21:15-те ТҚ-1103 («Думан» ОО) қосылды;

- сағат 10:10-да ТП-89, ТП-144 «Авицена»ТК, «Лазурный квартал» ТК және т.б.) қосылды;

- сағат 10:00-да ТҚ-1081 қосылды;

- сағат 23:30-да ТП-71 («Новый мир» ТК, «Нұрсая-1» ТК және т.б.) қосылды;

- сағат 00:41-де олар ТП-72- ( «Дипломат» ТК және т.б.) қосылды;

- сағат 01:10-да ТҚ-3606, TҚ-1515 («Жан-Сая» ТК және т.б.)

02:38-де шектеу толығымен жойылды. Кабель желілерінде апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй кешендері электр энергиясына қосылған.