Жылулық шағындардың болу себептері

«Қыс та келіп қалды». «Игра престолов» («Таққа талас») британдық сериялдағы көп айтылатын осы сөзі адамдарды тек «экран» арқылы ғана емес, Қазақстандағы көп қабатты үйлердің тұрғындарын да қорқытады.

Менің пәтерім суық, бірақ  көрші пәтерде жылы. Неге бұлай болып жатыр?

Елордадағы көп қабатты ғимараттар орталықтандырылған жылумен жабдықталған, адамдарға әрі жайлы болу үшін, әрі тоңып қалмау үшін бөлмені жылытуға жеткілікті жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Біздер, тұрғындар жылуды сақтап, сыртқа шығармаудың қамын жасауымыз қажет. Сапасыз терезелер, есіктер және жұқа қабырғалар жылудың 40% дейін жоғалтуына себепші. Батареялар: ішіндегі жиналып қалған қоқыс, ауаның жиналуы немесе зауыттық ақау болғандықтан салқын болуы мүмкін. Жылулықты сақтап қалудың тағы бір маңызды факторы - көп қабатты ғимараттардың шатырлары, кіреберістің, жертөлелердің жағдайы және осы үй салынған уақыт. Бұл мәселелер бірге шешілуі керек, үй тұрғындарын жинап, энергия аудит жүргізіп, жылулық шығындар себептерін анықтау керек. Мәселелерді бірлесіп шешейік және жылу мен жайлылықта бақытты өмір сүрейік!