«Астанаэнергосервис» АҚ мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін жүзеге асыру арқылы нарық субъектісін құруға мүдделі

Акциялардың 99,5%-ы «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ тұлғасындағы Астана қаласының әкімдігіне тиесілі «Астанаэнергосервис» АҚ Елбасының 2018-2022 жылдары «Елді әрі қарай газдандыру» 5-ші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласын ауқымды газдандыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта «Астанаэнергосервис» АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2 (су қыздыру қазандықтары), сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі – жеке сектордың (Оңтүстік-Шығыс, Көктал) 2 ауданын табиғи газды тұтынуға ауыстырудың жобалау-сметалық құжаттарына тапсырыс берілді.

Осыған байланысты, «Астанаэнергосервис» АҚ-ның қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасын құру мәселесін қарастырылуда, негізгі қызмет түлеріне:

- газбен жабдықтау объектілерінің құрылысын техникалық қадағалау;

- газды тасымалдау;

- объектілерді газдандыру үшін техникалық шарттарды әзірлеу;

- газ тұтынушыларына тиесілі газ шығынын есептеу құралдарын тексеру жүргізу;

- газбен жабдықтау жүйелерін жобалау мен құрылысын келістіру;

- газ тұтынушыларын газға қосу (ажырату);

- газ жабдықтарын, есептеу құралдарын енгізу;

- тұтынушылардың газды тұтыну жүйелерін және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету;

- тарапты ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға көрсетілетін авариялық-диспетчерлік қызмет көрсету;

- биллингтік қызметтер;

- аталған құбырларды күтіп ұстау және пайдалану.