Жерге тұйықтау деген не және не үшін қажет?

Электр энергиясы адамзат үшін ауадай қажет, сондай-ақ оған ұқыпты қарамаған жағдайда қауіп төндіретіні сөзсіз. Тоқ үйге жарық, жылу және жайлылық береді. Өкінішке орай, техника бұзылғанда немесе сым ашық күйде қалғанда, үзілген кезде, адам электр тогына түсуі мүмкін. Электр тогының соғуын алдын алу үшін үйлерде, кеңселерде жер астына тұйықтау жүргізіледі.

Жерге тұйықтау - сым үзілгенде, жабдықтар бұзылған жағдайда, тоқты жер астына өткізетін құрылғы.

Адамның терісі жерге тұйықтауға арналған металл немесе сымға қарағанда тоқтың өтуіне едәуір кедергі келтіреді. Нәтижесінде, тоқтың адам денесі арқылы емес, сым арқылы өтіп, жерге өтуі мың есе жеңіл.

Тіршілік бар жеде қауіптің де болатынын, ең бастысы қауіптің алдын алуға болатынын есте сақтаңыздар!