«Астанаэнергосервис» АҚ еншілес кәсіпорындар таксиге ауысады

«Астанаэнергосервис» АҚ таксилер паркі қызметтеріне ауысқан алғашқы компания болды.

Такси қызметін пайдалану кезінде бірқатар артықшылықтар атап өтілді, мысалы, жедел қызмет көрсету; қауіпсіздік және жайлылықты қамтамасыз ету; таксилер паркі Bus Lane жүруге рұқсаты бар, ол кептелістетоқатп қалмайды; автокөлік тұрағын іздеудің қажеті жоқ; контрагентке таксиді ұсыну кезінде басымдық беріледі. Бұл жаңа енгізілім тек ақша жұмсауды бақылау мен тиімділікті арттыруға ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерді тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

«Астанаэнергосервис» АҚ таксилерді пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асырғаннан кейін, оны жүзеге асыру нәтижелері бағалағаннан кейін еншілес ұйымдар аутсорсинг қызметтеріне ауысуға шешім қабылдады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ және «Астана-БЕО» ЖШС таксиге көшті. «Астана-АЭК» АҚ және «AЭСК» ЖШС мемлекеттік сатып алу порталында ашық тендер жариялады. Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар Астанамызда 2017 жылғы 8 қарашадағы №1601 Жолаушылар мен автомобиль көліктерінің жүгін тасымалдау қағидасына сәйкес әзірленген. «Астана-Энергия» АҚ келесі жылы таксиге ауысуды жоспарлап отыр.

Өндірістік ұйымдарда әкімшілік және басқарушылық қызметкерлер таксиді пайдаланады, такси қызметін пайдаланбайтын тек  сервистік автокөліктер шығу бригадасы және арнаулы техника.