«Астанаэнергосервис» АҚ үздіксіз жетілдіру

Бұрын «Астанаэнергосервис» АҚ қызметкерлері өздерінің оқырмандарына АТ-құрылымының, көлік, кадрлық, PR-қызметтерінің және жақсартулар мен өзгерістерді енгізуді басқару жобалары туралы айтып берген болатын.

Бүгінгі мақалада басқа қосалқы қызметтерінде қандай өзгерістер орын алғанынайтып өтеміз.

Компаниялар тобының экологиялық жағдайын жақсарту басым мәселелердің бірі болып табылады. Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкес болу үшін шығарындыларды азайту және «құбырсыз» электр станциясын құру бойынша ЖЭО-2 экологиялық жаңғырту жобасын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілді.

Өндірістік процестерді - суды (қазандықтарды, желілерді), металлдарды, майларды, реагенттерді сынау мен бақылаудың ашықтығын арттыру үшін - ішкі аутсорсингке зертханаларды ауыстыру бойынша бастама әзірленді.

Сонымен қатар командамен «Астана-АЭК» АҚ-да ЭБЕАЖ (энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) бойынша техникалық қызмет көрсетудің ішкі аутсорсингіне өтуге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұл - жүйенің техникалық қолдау және коммерциялық мәселелер (аналитика, теңгерім жасау, бақылау) функцияларын бөлуге мүмкіндік береді және заңсыз энергияны тұтынуды ұйымдастыру мақсатында қызметтердің өзара келісуі мүмкіндігін азайту мен бақылауға мүмкіндік береді.

Операциялық шығыстар мен инвестициялық бағдарламалардың шығындары бюджетті дайындаудың бір бөлігі ретінде оңтайландырылды. Мысалы, бульдозерді өндірушімен тікелей күрделі жөндеуден өткізу есебінен инвестициялық бағдарламадағы бюджеттік шығындар 20 млн. теңгеге қысқартылды.

«Астанаэнергосервис» АҚ-ы компаниялар тобының тиімділігін арттыруға және жақсартуға қол жеткізу үшін ұмтылады.