Компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштер және тарифтер

«Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобының жетістіктері мен жасалған жұмыстар нәтижелері туралы мақалалар топтамасын шығарамыз.

Бірінші басылым компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштеріне және тарифтеріне арналды.

Цифрларға талдау жасау.

2015 жылдан 2018 жылға дейін компания ерікті түрде бекітілген тарифтің өсуін тоқтатты, нәтижесінде тұтынушы ақшасы 6 млрд. теңгеден астам соммаға үнемделді.

 

«Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар мен құрылымдардың жұмысына тұрақты түрде талдау жасайды. Бірқатар туындайтын мәселелер қатары бар.

Стратегиялық маңызды мәселелердің бірі - инвестициялық бағдарлама іс-шарасы. Өкінішке орай, жиі не экономикалық, не техникалық іс-шаралардың негіздемесі жоқ. Мәселен, 6,5 млрд. теңге сомасында 2-ЖЭО технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу бойынша, оның ішінде 3,0 млрд теңге қарыз алынып, 400 млн. теңгеден астам сыйақы төлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде жобадан айтарлықтай ерекшеленетін соммаға мүлде басқа жүйе енгізілді.

 

Тараптық ұйымдар жүргізген 2 аспаптық өлшеулердің нәтижелері бойынша 1-ЖЭО көмірдің тапшылығы 20 000 тоннаны құрады, бұл 300-ден астам  вагондар. Сондай-ақ, электрондық тахеометрлер сатып алынды - бұл 4,5 млн. теңге көлемінде өлшеулерге арналған жабдықтар.

 

Инвестициялық іс-шараларды өткізу барысында металл сынықтарын ұрлау фактілері анықталды.

Бұл туралы «Астанаэнергосервис» АҚ 2018 жылдың маусым айында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 

Фактілердің біріне сәйкес кінәлі тұлғалар бірінші сот инстанция үкімімен сотталды. Қазіргі уақытта сот үкімі Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралуда (апелляциялық инстанция). Қалған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізілуде, «Астана-Энергия» АҚ-ның лауазымды тұлғасы тұтқындалды.