Астанаэнергосервиске 20 жыл

«Астанаэнергосервис» АҚ 1999 жылдың 7 қаңтарында Астана қаласының Әділет басқармасымен тіркеліп, бүгінде бас қаламызды жылу-, электрмен сенімді және үздіксіз жабдықтауға, Астана қаласының энергия жүйесін сенімді және кәсіпорындардың техникалық жарақтандыруын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі өндірістік-экономикалық көрсеткішінің тұрақты өсуі бар динамикалық дамушы холдингі болып табылады.

Бірнеше онжылдық бойы кәсіпорындардың жұмыскерлері қаланы жылу-, электр қуатымен жабдықтау, қызмет көрсету сапасын арттыруы үшін қызмет атқарады. Қазіргі таңда Елордамыз миллиондаған электр шамдарымен жарықтандырылғандығы – қаланың көптеген энергетиктер ұрпақтарының зор еңбегі болып табылады.

Компанияның ойластырылған кадрлық саясаты, дәстүрлі әдістер мен көпжылдық тәжірибені қолдануы арқасында ұжым алдында Қазақстанның астана тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиялық жабдықтау бойынша алға қойылған мақсаттарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.