Күнделікті өмірдегі газ!

Мектепте химия пәнінде танып-білген бутан, пропан, метан және газдың көптеген түрлері күнделікті өмірде кездеседі. Пропан мен бутан автомобильдерге арналған отын ретінде пайдаланылады, ал пропанмен тұтатқыш шақпақтарды толтырады. Метан - плиталарда және қазандықтарда жағу үшін қолданылады.

Газды белсенді пайдалану 19-шы ғасырда газ жанарғысын ойлап шығарудан басталды, алдымен қаланың көшелеріндегі шырақ шамдарды жарықтандырды, содан кейін көшеден үйлерімізді жылытуға көшті.

Табиғи газдың басты артықшылығы - оның тұрмыста пайдалану кезіндегі үнімеділігі мен қарапайымдылығы.

Үйді бір рет газбен жабдықтағаннан кейін Сіз жылу мен жайлылықты жасауда кездесетін проблемалық мәселені ұмытып кетесіз. Отын, көмір тасу, пешті тазалап, таудай жиналған күл үйіндісін ауладан шығару үшін жұмысшыларды жалдаудың қажеті жоқ.

Газдандыру кезінде газ  беру жүйесін тексеру керек, бірақ тіпті оны да Сіз жасамайсыз, пайдаланушы ұйым жасайды.