Вольттың алғашқы батареясы

1799 жылда әлемдегі ең бірінші батареяны итальяндық физик Алессандро Вольта ойлап тапты. Ал осы ойлап шығаруының сипаттамасы 1800 жылғы 20 наурызда пайда болды.

Алессандро Вольта Корольдік қоғамдастық президенті Дж. Бенкске электр энергиясының жаңа феноменін, химиялық тоқ көзін (шындығында, қуатты батареясын) ашқаны туралы хат жолдады.

Ғалым сыммен байланыстырылған қышқылға мыс және мырыш пластинкасын салды. Сонымен қатар, мырыш пластинкасы еріп, мыс пластинкасының айналасында газ көпіршіктері шықты. Бұл сым арқылы ток ағып тұрғанын білдіреді. Бұл өнертабыс ғалымдарға қуатты, сенімді ток көзін берді және электр құбылыстарды зерттеуін алға ілгерлеуіне мүмкіндік берді.

Зерттеушінің атын электр кернеуінің бірлігіне арнап - Вольт атауын берді.