Энергетиктер жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді

«Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобында («Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ және «Астана-АЭК» АҚ) кеңейтілген жұмыс режимін енгізді.

Тұрғындардың үздіксіз және жоғары сапалы жылумен жабдықтау мен энергиямен қамтамасыз ету үшін, елеулі коммуналдық аварияларды болдырмау үшін басшылықтың тәулік бойы кезекшілікке  жедел-шығу және авариялық-қайта қалпына келтіру бригадалардың жұмысына қажетті техника әзірленді.

Жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. 

Барлық бригадалар сақадай сай, негізгі және резервтік күштер толығымен дайын.

«Астана-АЭК»: Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Бұл шара тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудағы үзілістерін болдырмау үшін қабылданды.

Күн сайын   тарату желілері бойынша 5 жедел-шығу бригадасы және қосалқы станциядағы 3 жедел-шығу бригадасы  кезекшіліке  кіріседі.

Жұмыс орында сағат 22-00-ге дейін 3 авариялық-қалпына келтіру бригадасы сонымен қатар сағат 23-00-ке дейін кабельдік желілер қызметінің бір авариялық-қалпына келтіру бригадасы  және өлшеу мен диагностикалық қызметінің  бір бригадасы қосымша кезекшілікке қою шаралары ұйымдастырылды.