Ас үйде электр энергияны үнемдеу

 

  1. Егерде Сіз электр шәйнегін пайдаланатын болсаңыз, оны қайнатудың алдында толтырып құю міндетті емес. Оған өзіңізге керек мөлшерде су құйыңыз. Әдетте шәйнектің қуаты 5-2 кВт құрайды. Ол ай ішіндегі электр тұтынуға қосылатын маңызды жарна.
  2. Егер сіз газ плитасын пайдалантын болсаңыз ыдысты таңдау кезінде, плитаның көлеміне сәйкес келмесе 5-10 пайыз энергия жоғалады, ал түбі қисық болса 40-60 пайыз энергияны құртатынын білуіңіз қажет.   Сондай-ақ, қайнау кезінде судың тез булануы тамақты дайындау уақытын 30 пайызға арттыратының есте сақтаңыз. Сұйықтық қайнағаннан кейін, конфоркаға берілетін қуатты азайту керек.
  3. Тұрмыстық техниканы пайдалану бойынша нұсқаулықты оқыңыз. Кір жуатын машиналардың барлығы бірдей орташа жүктелген кезде судың қажетті мөлшерін таңдай бермейді. Неғұрлым су көп болған сайын жуу температурасы артып, машина артық энергияны жұмсайды. Машина жартылай жүктелген кезде энергияның 15 пайызы шығындалса, жуудың бағдарламасы дұрыс болмағанда 30 пайыз энергия жұмсалмақшы.
  4. Әдетте ұзын дәлізі бар пәтерлер мен ас үйде шам үнемі жанып тұрады. Мұндай бөлмелерде бірінші кезекте қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру керек. Бұл шамдар, кем дегенде, бір жыл кепілді қызмет етеді. Бұл уақытта ол өзін-өзі толық өтеп қана қоймайды. Бұл шам 80 пайызға дейін үнемдеуді беруге болады.
  5. Киімді қатты құрғатпаңыз, себебі оны үтіктеу кезінде қажетті нәтижиеге жету үшін көп уақыт және аса неғұрлым ыстық үтік қажет. Шығынды азайтудың тағы бір айласы, үтік тақтайшасын жабатын матаның астына алюминді жұқалтырды пайдалану. Жұқалтыр жылу энергиясының сейілуіне мүмкіндік бермейді және матаның тез жазылуына септігін тигізеді. 
  6. Шаңсорғышты пайдалану кезінде қоқысынан контейнерді тазалап отырыңыз, ауаның кіретін және шығуына арналған сүзгіні ауыстырып отыру қажет. Қосымша аэродинамикалық қарсылық шаңсорғыш қозғалтқышының қызып кетуіне және электр энергиясын тұтынуды жоғарлатуға әкеліп соғады. Мысалы, шаңды жинауға арналған контейнер толып қалған кезде 30%, энергияны тұтыну 40-50% өседі
  7. Тұрмыстық құралдардың кезекші режімі – Сіздің ақшаңыз сыпсып кететін қалтадағы тесік екенін кім ойлапты. Мысалға, 54 см диагоналды теледидар кезекшілік режімде 9 кВт, музыкалық орталық 8 кВт, видео таспа 4 кВт және т.б. жейді. Өзіңіздің тұрмыстық құралыңызды есептеңіз, кезекшілік режім оларға не үшін керек? Өшіру/қосу түймешегін басу соншалықты қиын ба? Тағы бір қыры бар, олар үнемі электр желілеріне қосылып тұрады және апат болған жағдайда барлығынан айырылуыңыз мүмкін. бұндай жағдайлар болған.