Қымбатты қазақстандықтар, «Астанаэнергосервис» АҚ ұжымы алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстанда үшінші жыл Алғыс айту күнін атап өтеді!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен 1 наурыз күні – ресми түрде жыл сайынғы Алғыс айту мерекелік күні бекітілді.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында Мемлекет басшысы бұл шараны құрудың бастамашысы болды.

«Бұл күн барлық қазақстандықтардың қайырымдылық, достық пен махаббаттың жарқын мерекесі бола алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгінгі таңда біздің елімізде шамамен 130 ұлт тұрады. Қазақстандықтар Столыпин реформаларынан, ұжымдастырудан және кулактардың мүлкін тәркілеуден кейін көптеген қоныс аударушыларды қабылдады.

Өзара жәрдем және қолдау - қазіргі қоғамның қалыптасуының маңызды құраушысы!

Құрметке лайық адамдарға рахмет айту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Мереке құтты болсын, құрметті қазақстандықтар!