Армысың, әз Наурыз!

Наурыз - көктемнің туылуы мейрамы. Басқаша айтқанда, қазақтар Наурыз "Ұлыстың ұлы күні" деп атайды.

«Наурыз» мерекесінің атауы ежелгі Иран сөзінен тұрады: «ноу» (жаңа) және «роуз» (күн).

Наурыз мерекесі қарсаңында «Астанаэнергосервис» АҚ қызметкерлер үшін «Армысың, әз Наурыз» мерекелік байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың ережелері келесідей болды:

1. «Визитка»: қатысушылар мемлекеттік тілде өз командасын таныстырады (мысалы, команданың атауы, сипаттамасы, ұраны және т.б.)

2. «Дәмді дастарқан» - ұлттық тағамдар асханасы бағаланып, команда өз тағамдарының біреуін қазақ тілінде сипаттады.

3. «Өнерлі өрге жүзер» - командалар салт-дәстүр туралы білімдерін көрсетті: бимен, әнмен, ойынмен, өлеңмен.

4. «Сұрақ-жауап» - команда «Халықтың мәдениеті» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді.

5. «Әңгіме құрау» - қатысушылардың бірі мемлекеттік тілде ұсынылған суретті сипаттады.

Қазылар алқасы әрбір командаға баға берді, ең үздіктерінің қатарына кірді:

"Көктем гүлдері" командасы - 1 орын;

"Әсел және оның серілері" командасы - 2 орын;

"Жас қыран" командасы - 3 орын алды.

 

Мемлекеттік тілде іскерлік хаттарды сауатты жазу арқылы ерекшеленетін қызметкерлер сыйлықтарға ие болды. 

Біздің сүйкімді қыздар мен жігіттер үшін «Жігіт сұлтаны 2019» және «Көктем аруы 2019» конкурстар ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық киімде немесе ұлттық киімнің элементтерімен өздерінің фотосуреттерін, мемлекеттік тілдегі жеке сипаттамасын (хобби, қызығушылық, сүйікті кітаптар және т.б.) және қазақ жазушының, ақынның, ойлаушының сүйікті қанатты сөздерін ұсынды.

Жігіттер арасында ең көп дауыс жинаған жеңімпаз Әнуар Серік болды, қыздар арасында Мадина Жантасова.

 

Алдағы Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!