Ас үйде электр энергияны үнемдеу

"Пайдалы кеңестер" айдары

  • Егерде Сіз электр шәйнегін пайдаланатын болсаңыз, оны қайнатудың алдында толтырып құю міндетті емес. Оған өзіңізге керек мөлшерде су құйыңыз. Әдетте шәйнектің қуаты 1.5-2 кВт құрайды. Ол бір ай ішіндегі электр тұтынуға қосылатын маңызды жарна.
  • Егер сіз электр плитасын пайдалантын болсаңыз  ыдысты таңдау кезінде, плитаның көлеміне сәйкес келмесе 5-10 пайыз энергия жоғалады, ал түбі қисық болса 40-60 пайыз энергияны құртатынын білуіңіз қажет.
  • Сондай-ақ, қайнау кезінде судың тез булануы тамақты дайындау уақытын 30 пайызға арттыратының есте сақтаңыз. Сұйықтық қайнағаннан кейін, конфоркаға берілетін қуатты азайту керек.