Шығарындылар мөлшерін азайту үшін елордалық ЖЭО-2 кешенді жаңғырту. «Астанаэнергосервис» АҚ және «Астана-Энергия» АҚ-ы неміс компаниясының өкілдерімен кездесті

«Штайнмюллер Инжиниринг» ЖШҚ неміс компаниясының өкілдері Қазақстанның астанасына жұмыс сапарымен келді.

4 сәуірде «Астанаэнергосервис» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Сибэнергомаш-БКЗ» ЖШҚ және «Steinmuller Engineering» компаниясы ЖЭО-2-нің №8 ст. орнатылған қазандық агрегатындаа (Е-550-13,8-560-КТ) жанарғы құрылғыларын жеткізу мәселесін талқылады.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың 14-15 ақпанында, компания мамандары ЖЭО-2 №7 қазандық агрегаттың жұмыс тәжірибесін, оның ішінде № 8 ст. қазандық агрегатқа орнату үшін жақсарту мақсатында жанарғы құрылғылардың жұмысын талқылады.

Кешегі отырыста неміс компаниясы жанарғы құрылғыларды өндіру бойынша шарттық міндеттемелерді орындау туралы ақпарат берді.

Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар 25 мамырға дейін № 8 ст. қазандық агрегатының құрылыс-жөндеу алаңына жанарғы құрылғысын жеткізу туралы келісті.

Бұдан басқа, ЖЭО-2 кешенді жаңғыртуға қатысты мәселелер талқыланды. Мақсаты: меншікті шығарындарды (SOx, NOx, CO), қатты заттар азайту, парникті газдар эмиссияларын азайту үшін  қолданыстағы жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру.

Осы мәселе бойынша ЖЭО-2 қазандықтарын жаңарту мүмкіндігін анықтау үшін «Сибэнергомаш-БКЗ» ЖШҚ және «Steinmuller Engineering» ЖШҚ мамандарымен бірге қазандық агрегаттарын кешенді түрде тексеру туралы шешім қабылданды.