"Астанаэнергосервис" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тәуекелді басқару дағдыларын жетілдіруде

Бүгін «Астанаэнергосервис» компаниялар тобының 15 қызметкері «Бизнес-кейс үлгісінде тәуекелді басқарудың интеграцияланған жүйесі» бағдарламасы бойынша білімдерін арттырды.

Тренинг барысында білім алушылар компанияның және функционалдық бөлімшелердің мақсаттарымен тәуекелдің байланысын, тәуекел көздерін анықтау тәсілдерін, тәуекел мен факторларды анықтаудың әртүрлі әдіснамаларын және тағы да көптеген қызықты мәліметтермен танысты.

Сонымен қатар, өткен аптада 25 қызметкер «DISC мінез-құлық стилі» курсын аяқтады.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.