Энергияны үнемдейміз! Кондиционерді пайдалану!

Электр энергиясының бос шығындалмауы үшін, кондиционер қосылған кезде есік пен терезенің жабық болғаны дұрыс. Кері жағдайда сплит-жүйе көшені немесе көршілес бөлмені салқындатып, ал шынымен салқындату қажет болатын бөлме ыстық болып тұра береді. Одан өзге, осындай қондырғыны сатып алуды жоспарлай отырып, өнімділігі ұқсас дәстүрлі жүйеге қарағанда, тұтынатын қуаты 50% төмен инверторлы үлгідегі кондиционердің заманауи түрінің бар екенін есте сақтаңыз.