Бүгін елордамызда заманауи iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды

Бүгін елордамызда заманауи iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды

Оның басты мақсаты - азаматтарымыздың қалалық қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету. Осындай мүмкіндік жасауды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды цифрландыру мемлекеттік бағдарламасын бастағанда тапсырған болатын. Одан басқа, орталық "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясындағы жемқорлыққа қарсы саясатқа сай жұмыс істейді.

iQala орталығы баршамызға таныс "бір терезе" қағидатын ұстанады. Мемлекеттік, коммуналдық қызметтер бір жерде көрсетілетін болады.

Кәсіпкерлеріміз де тыс қалмайды. Ісін енді бастағандарға кеңес беріліп, мекемесін коммуналдық қызметтерге кедергісіз қосуға көмек беріледі.

iQala қалалық қызмет көрсету орталығының фронт-офисі жұмыс күндері сағат 09:00- 18:00-ге дейін Қошқарбаев даңғылы, 29 үй мекен-жайы бойынша қызмет көрсетеді. Қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты туындаған сұрақтар бойынша 109 қалалық біріңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Ақпаратты алу көзі: https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov/posts/1586625694802077