Жылу жүйесін қыс мезгіліне дайындаймыз

Күн сайын "Астанаэнергосервис" АҚ сайтында жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы жоспарлы ажыратулар туралы тұрғындарға хабарлаймыз және әр апта сайын жөндеу бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпаратты жариялаймыз.

Энергетикалық шаруашылықты алдағы қысқа дайындау басталды. Біз ескі құбырлардың бір бөлігін заманауи құбдырларға ауыстырамыз, жылу жүйесіне гидравликалық сынақ жүргіземіз, ЖЭО-да жабдықтарды жаңартамыз, есептеу құралдарын және басқаларды орнатамыз.

Егер осындай алдын алуды жүргізбесе, қыста жылыту құбырлары үзілуі мүмкін, ал ЖЭО-да авария болуы мүмкін. Нәтижесінде ауданның барлық үйлерінде жылу мен жарық болмайды.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

Төменде 04.07.2019 жылғы жағдай бойынша жөндеу жұмыстарының орындалуы туралы ақпарат берілген.

Энергия көздерінде: «Астана-Энергия» АҚ

Атауы

Жөндеу түрі

Орындалу

ЖЭО-1

Кеңейтілген ағымдағы және күрделі жөндеулер

40,8%

ЖЭО-2

Кеңейтілген ағымдағы, ағымдағы және күрделі жөндеулер

57,7%

аудандық қазандықтар

Күрделі жөндеу

47,3%

«Астана-Энергия» АҚ

48,6%

 Жылу желілерінде: «Астана-Теплотранзит» АҚ

Жөндеу түрі

Орындалу

жөндеу бағдарламасы бойынша

20,4%

инвестициялық бағдарлама бойынша

13,6%

Электр желілерінде: «Астана-Аймақтық электр желілік компаниясы» АҚ

Жөндеу түрі

Орындалу

Жабдықтар мен электр желілерін күрделі жөндеу

59,9%

Жабдықтар мен электр желілеріне техникалық қызмет көрсету

33,1%

10/0,4 кВ ҚС, ТО, ТҚ, ЖТҚ және ӘТК құрылыстық бөлігін ағымдағы жөндеу

39,1%