Қара металл сынықтарын сату

Сауда-саттықтың басталу күні 11.07.2019 ж. сағат 10:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) «Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауар биржасы» АҚ Қазақстандық сауда-саттық жүйесі «www.kazets.kz» электронды алаңда өткізіледі. Әлеуетті сатып алушылардан қарсы өтінімдерді қабылдау: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 24б, 2-НП, 34-18-86 телефоны бойынша 10.07.2019 ж. сағат 10.00-ге дейiн (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жүргізіледі.

Активтерді сату тауар биржасында бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатын «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы Басқармасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 32 бұйрығымен бекітілген «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы мен оның еншілес ұйымдарындағы есептен шығарылған ТМҚ (биржалық тауарлар) орталықтандырылған сату қағидаларына сәйкес және «Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2017 жылғы 5 қаңтардағы Биржалық кеңесінің шешімімен бекітілген, «Қазақстандық Электрондық сауда-саттық жүйесі» тауар биржасы» АҚ биржалық сауда-саттық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға келесі активтер шығарылады:

- 1 лот («Астана-Энергия» АҚ)- «Қара металл сынықтары»  -1600 тонна

 «Қара металл сынықтары» жалпы құны– 75 115 200 (жетпіс бес миллион жүз он бес мың екі жүз) теңге.

Толығырақ