Астана-Энергия ЖЭО газдандыру бойынша жобаларды іске асыру үшін компания іздеуде

«Астана-Энергия» АҚ қызметтер нарығын зерттеу мақсатында 2019-2021 жж. жобаларды іске асыру үшін ұйымдарды/компанияларды іздейді:

1) «Ішкі станциялық газ таратуды орналастыру арқылы табиғи газ бен көмір/мазутты бірлесіп жағу үшін 1-ЖЭО №№4÷7 ст. КВ-Т-128-150 су жылыту қазанын, №№8÷10 ст. ПТВМ-100 (мазутты) және №№1÷3 ст. Е-65-3,9-440КТ энергетикалық қазандарын қайта құру»;

2) «Ішкі станциялық газ таратуды орналастыру арқылы табиғи газ бен көмір/мазутты бірлесіп жағу үшін 2-ЖЭО №№1÷6 ст. КВ-Т-139,6-150 су жылыту қазандарын қайта құру».

Ұйымдарға/компанияларға қойылатын талаптар:

  • I-санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бас лицензияның болуы;
  • ЖЭО газдандыру бойынша жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесі;
  • айналым қаражатының болуы;
  • білікті персоналдың болуы.

Қызығушылық танытқан жағдайда «Астана-Энергия» АҚ ресми хат жіберуіңізді сұраймыз.

Біздің байланыстар:

  • электрондық почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  • тел. +7 (7172) 64-40-59 - «Астана-Энергия» АҚ қабылдау бөлмесі.