Квитанцияларды e-mail таратуға қалай жазылу керек?

Электрондық түбіртекті алуға 6 қарапайым қадам
1. www.aerc.kz сайтына өту 
2. Жеке кабинетке кіру, логин және парольді теру (бұрын тіркелмеген жағдайда, тіркелуді сұраймыз) 
3. Жеке есеп шотты қосу 
4. «E-mail таратуға жазылу» сілтемесі бойынша өту 
5. Барлық тармақтарды толтыру және пәтер иесінің жеке куәлігінің суреттерін салу 6. Жіберу 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮБІРТЕКТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
1) Демалысқа немесе ұзақ іссапарға шыққан жағдайда электронды адресіңізге түбіртек уақытылы жіберіліп, жеткізіледі.
2) Электрондық поштаға түбіртек келісімен, оны ыңғайлы уақытта жүктеп алуға болады.
Электрондық пошта адресіне түбіртек алу үшін «Астана-БЕО» ЖШС-нің абоненттік учаскесіне, Отырар көшесі, 5 мекенжайға келіп, пәтер иесінің жеке куәлігімен бірге өтініш жазу немесе www.aerc.kz сайтында жеке кабинет арқылы өтінім беру қажет.
! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Түбіртектің электрондық таратылуына жазылу кезінде түбіртек қағаз түрінде жеткізілмейді. 

  •  Сондай-ақ онлайн режимінде өткен кезеңдер үшін квитанцияны Астана-БЕО сайтындағы жеке кабинетіңізден жүктей аласыз (www.aerc.kz).


ЕГЕР СҰРАҚТАР ТУЫНДАСА, ЖАЗЫҢЫЗ! БІЗ СІЗДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫНБЫЗ!