Елорда жылыту маусымына қаншалықты дайын?

15.08.2019 жылғы жағдай бойынша "Астанаэнергосервис" АҚ еншілес кәсіпорындарының жөндеу бағдарламасын орындау.

Елордалық ЖЭО бағдарламасына қазандықтарды, цех жабдықтарын, турбиналарды, аудандық қазандықтарды күрделі жөндеу, жылу желісі құбырларының учаскелерін қайта жаңарту және ішінара ауыстыру, түтін құбырларын күрделі жөндеу кіреді.

Бағдарламаның орындалуы: 88,8%

 

"Астана-Теплотранзит" АҚ бағдарламасына магистральды және тарату желілерін Күрделі жөндеу (1 923 қума метр), құбыр бетінің жылу оқшаулауын қалпына келтіру (2 392 қума метр) кіреді.

Орындалған: 71,2%

Бұдан басқа, инвестициялық бағдарлама бойынша жобалауды ескере отырып жылу желілерін қайта жаңарту, жаңғырту (жыл соңына дейін 11 820 қума метр) жұмыстары жүргізілуде.

Орындалған: 38%.

 

"Астана-АЭК" АҚ бағдарламасына қосалқы станцияларды (ТҚС, ТШС, ҚТҚС-10/0,4 кВ) және электр әуе желілерін (ӘЖ-110 кВ, ӘЖ -10 кВ, ӘЖ -0,4 кВ) күрделі жөндеу кіреді.

Орындалған: 83,2%

 

19.08.2019 жылға Нұр-сұлтан қаласының ТКШ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының дайындығы.Жилой фонд: 2 363 дома из 2 512 (94%)

Білім беру нысандары: 173-тен 168 (97%)

Денсаулық сақтау нысандары: 38 (100%)

Мәдениет нысандары: 14-тен  12 (86%)