Түбіртекті төлеу кезінде қателесіп кетсеңіз

Егер сіз коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде қателессеңіз, не істеу керек?

Жағдайлар әр түрлі болады. Мысалы, сіз соманы қызметтер бойынша қате бөледіңіз делік немесе түбіртек бойынша басқа шотқатөледіңіз.

Бұл жағдайда Сізге қажет нәрсе:

- интернет-банкинг арқылы төлесеңіз: төлем жасалған күні Банктің Call-орталығына төлемнің күшін жою туралы өтініш беру;

- терминалдар арқылы төлесеңіз: терминалдық компанияларды қолдау қызметіне жүгіну;

- банк кассасы арқылы төлеген кезде: чекте көрсетілген номерлер бойынша немесе банк бөлімшесіне жүгіну.

Егер Банк немесе терминалдық компания төлемнің күшін жою немесе өзгерістер енгізу мүмкін еместігі туралы хабарласа, не істеу керек?

 

Мұндай жағдайда қызмет көрсетушілерге (электр қуаты, су, қоқыс және т. б.) қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен жүгінуге болады.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік, чек немесе төлем туралы түбіртек болуы керек. Егер сіз басқаның түбіртегін төлесеңіз, жеке шотына қате төлем жүргізілген абоненттің жазбаша келісімі болуы қажет.

Екінші деңгейдегі банктердің Call - орталықтарының нөмірлері:
- "АТФ Банк" АҚ: 24-24 (ұялы телефоннан), 8 8000 800 283 (қалалық нөмірлерден), +7 705 776 88 62 (онлайн WhatsApp чат 9:00 бастап 21:00 дейін);

- "Қазақстан Халық Банкі"АҚ және "Қазком" АҚ: 71-11 (ұялы телефоннан), + 7 (727) 259-07-77 (қалалық);

- "Forte Банк" АҚ: 75-75;

- "Қазпочта" АҚ: 14-99 (қалалық: тегін, мобильді: 18 тг/мин), +7 702 008 1499 (Аctiv үшін), +7 707 255 1499 (Теле2 үшін), +7 700 353 1499 (Аltel үшін);

- "Нұрбанк" АҚ: 25-52 (ұялы телефоннан), +7 707 000 25 52 (WhatsApp), +7 747 000 25 52 Нұрбанк Bot WhatsApp);

- " Еуразиялық" АҚ: 77-22;

- "First Heartland Jysan Bank" АҚ: 77-11;

- "Каспи" АҚ: 99-99.