"Астанаэнергосервис" АҚ сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтайды!

«Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.

Конституция күні – мемлекеттік мереке. 

Барлық Қазақстандықтарды   30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!  

Тарихтан: Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.