Астанаэнергосервис АҚ таратылатыны туралы хабарлайды

27.08.2019 жылғы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен "Астанаэнергосервис"АҚ тарату мәселесі бекітілді.
«Астанаэнергосервис» АҚ 1999 жылдың 7 қаңтарында Астана қаласының Әділет басқармасымен тіркеліп, бас қаламызды жылу-, электрмен сенімді және үздіксіз жабдықтауға, Нұр-Сұлтан қаласының энергия жүйесін сенімді және кәсіпорындардың техникалық жарақтандыруын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі өндірістік-экономикалық көрсеткішінің тұрақты өсуі бар динамикалық дамушы холдингі болып табылды.

Жиырма жыл бойы кәсіпорындардың жұмыскерлері қаланы жылу-, электр қуатымен жабдықтау, қызмет көрсету сапасын арттыруы үшін қызмет атқарды.
Қазіргі таңда Елордамыздың астанасы миллиондаған электр шамдарымен жарықтандырылғандығы – қаланың көптеген энергетиктер ұрпақтарының зор еңбегі болып табылады.