Астанада жылу беру маусымы аяқталды

Астана қаласында жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz "Астана-Теплотранзит" АҚ-ға сілтеме жасап. Жылу беру 10 мамырдан тоқтатылды.

Алайда жылыту маусымын ұзартуды қалаған тұтынушылар тұтынылған жылу энергиясы үшін төлеуге кепілдік бере отырып, жазбаша өтінім беруі қажет. 

Еске сала кетейік, Астана қаласының әкімдігінде жылу беру маусымы күннің жылуы тұрақталған кезде, яғни ауа температурасы 10 градустан жоғарылағанда тоқтатылатынын хабарлаған болатын.

Айта кетсек, жылу маусымы Астанада өткен жылы 27 қыркүйекте басталған болатын. Бұл күнге дейін жылу балабақшаларда, мектептерде, денсаулық сақтау мен мәдени нысандарға берілген. Әлеуметтік нысандар бойынша жылуды сөндіру жекелей жүргізіледі.

BNews.kz