Астаналықтар жылу беру маусымын ұзарта алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астанаэнергосервис» АҚ сайтына сілтеме жасап.    

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ы 2018 жылдың 10 мамырынан бастап 2017-2018 жылғы жылу беру маусымының аяқталғаны жайында қала тұрғындарын ақпараттандырады», - делінген таратылған мәліметте.

Сонымен қатар, компания ақпаратына сәйкес, жылу беру маусымын ұзартқысы келетін тұтынушылар жылу энергиясын тұтынғаны үшін ақы төлеуге кепіл беретіндігін көрсете отырып, жазбаша өтінім беру қажет.


ҚазАқпарат